Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Жаңа Конституция барлық мемлекеттік және қоғамдық институттардың жаңғыруына негіз қалады – Мемлекет басшысы

Білімді, ерік-жігері мол отаншыл жастар елімізді көркейтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 шілдеден бастап Қазақстанның жаңа Конституциясы заңды күшіне еніп, елдің жаңа даму кезеңі басталатынын айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, жаңа Конституция мемлекеттік және қоғамдық институттарды жаңғыртуға негіз қалап, еліміздің сапалы ғылым мен технологиялық даму жолына түсуіне мүмкіндік берді.

«Жаңа Конституция барлық мемлекеттік және қоғамдық институттардың жаңғыруына негіз қалады. Мұндай күрделі өзгерістер еліміздің 35 жылдық тарихында да, одан бұрын да болған емес. Яғни Қазақстан сапалы ғылым негізінде өркендеу мен технологиялық өрлеу жолына түсті», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев реформалардың табысты жүзеге асуы қоғамның бірлігі мен азаматтардың белсенділігіне байланысты екенін атап өтті.

«Қоғам бір мақсатқа жұмылып, ынтымақ-бірлік танытпаса, кез келген, тіпті мұқият сараланған мемлекеттік жоспардың өзі қағаз жүзінде қалады. Туған жерге – Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ұмтылатын білімді, ерік-жігері мол отаншыл жастар елімізді көркейтеді», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Конституция барлық жасампаз күштер мен отаншыл азаматтарды елдің стратегиялық бағыты мен реформалар төңірегіне біріктіретін берік тұғырнама болып табылады.

Сондай-ақ ол жаңа Конституцияны халықтың, әсіресе жас ұрпақтың адамгершілік және құқықтық бағдары деп атап, осы бағыттан айнымай, заң үстемдігі мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудың маңызын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Касым-Жомарт Токаев: Казахстан и ЕС открывают новую главу стратегического партнерства

admin

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҒАСЫР ЖАСАҒАН СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

admin

Выступление Главы государства на международном форуме «Административная юстиция и ее роль в обеспечении верховенства права»

admin

Пікір жазу