Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 100 ЖАСТАН АСҚАН ҚАРИЯ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

 

Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округінде орналасқан №293 референдум учаскесіне 100 жастан асқан қария Халық Әрипов келіп, өз таңдауын жасады. Ғасыр жасаған ақсақалдың референдумға арнайы келіп дауыс беруі – жас ұрпаққа үлгі боларлық іс. Қария жиналған көпшілікке ақ батасын беріп, елдің тыныштығы мен бірлігін, берекесі мен ынтымағын тіледі. Сондай-ақ, елдің болашағы жарқын болып, ұрпақтар сабақтастығы жалғаса берсін деген ізгі тілегін білдірді. Көпшілік қарияның белсенділігіне ризашылықтарын білдіріп, оны кейінгі буынға өнеге екенін атап өтті.
Бүгін Қазығұрт ауданы аумағындағы барлық референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Қазығұрттықтар науқанның маңызын сезіне отырып, өз таңдауларын жасауда. Аудан бойынша дауыс беруге құқылы азаматтардың жалпы саны 64 473 адамды құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫДА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ІІІ ФОРУМЫ ӨТТІ: ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

admin

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin

Президент ұлт руханиятына адал қызмет етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп отыратынын айтты

admin

Пікір жазу