Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ЖаңалықтарМәдениетСаясат

ТҮРКІСТАНДА ҚЫДЫР АТА БАТА БЕРІП, ӨНЕРПАЗДАР ӘН-ЖЫРДАН ШАШУ ШАШТЫ

Түркістан қаласында республикалық референдум аясында мәдени-рухани мазмұндағы іс-шара ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйланды. Маңызды саяси науқанға жиналған көпшілік алдында Қыдыр Ата ақ батасын беріп, елдің тыныштығы мен бірлігін, халықтың берекесі мен ынтымағының арта түсуін тіледі.

Шара барысында мәдениет саласының өкілдері мен өнерпаздар ұлттық өнерді дәріптеп, көпшілікке ән-жырдан шашу шашты. Орындаушылар елдік пен татулықты, бірлік пен ынтымақты насихаттайтын шығармаларды орындап, тұрғындарға көтеріңкі рух сыйлады.

Мұндай бастамалар референдумға келген азаматтарға мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге де мүмкіндік берді.

Ұқсас жаңалықтар

«Түркістан жауһарлары» ұлттық киім көрмесімен концерт өтті

admin

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШКЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

admin

СОЗАҚ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

admin

Пікір жазу