Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНА АРНАЛҒАН МӘЖІЛІС ӨТТІ

 

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ұйым өкілдерімен талқылауға арналған мәжіліс өтті. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанар Бектаева, «Түркістан облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Инара Намазбаева, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесе талқылау, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды саралау, алдағы басымдықтарды айқындау және өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу. Алғашқы болып сөз алған облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанар Бектаева үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланысты нығайту, қоғамдық бастамаларды қолдау және өңірдің әлеуметтік дамуына азаматтық сектор өкілдерін кеңінен тарту мәселелеріне тоқталды.

«Елдің дамуы – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуде үкіметтік емес ұйымдар әлеуетін барынша тиімді пайдалануымыз қажет. Бүгінде Түркістан облысында 830 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара сенімі мен тиімді әріптестігі арқылы ғана көздеген мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз. Бүгінгі мәжіліс нақты ұсыныстар айтылып, алдағы бірлескен жұмысымыздың бағыттары айқындалатын нәтижелі диалог алаңы болады деп сенемін», — деді Жанар Әлібекқызы.

Сонымен қатар, жиында сөз алған қоғам қайраткері Жамалбек Шәріпбек, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев, «Серпіліс» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бейсенкүл Нарымбетова Жолдауда көтерілген бастамаларға қатысты ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Мәжілістің ашық пікір алмасу бөлімінде қатысушылар өңірдегі азаматтық қоғамның даму бағыттары, үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық мәселелерді шешудегі рөлі және мемлекеттік органдармен әріптестікті одан әрі жетілдіру жөнінде пікір алмасты. Қойылған сұрақтарға жауап беріліп, бірқатар ұсыныс айтылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

АСТАНА ПРИНИМАЕТ ОДИН ИЗ КРУПНЕЙШИХ КИБЕРСПОРТИВНЫХ ТУРНИРОВ — PGL ASTANA 2026

admin

Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді атсалысуда

admin

​Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

admin

Пікір жазу