Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді атсалысуда

Түркістан, 2025 жылғы 26 қараша – Түркістанда «Turkistan Investment and Tourism Forum – 2025» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Іс-шараға 300-ден астам отандық және шетелдік компаниялар қатысты. Форумға Шэньси, Сычуань және Хубэй провинцияларынан келген делегациялар Қазақстанның Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен тартылды.
        Форум аясында ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, логистика, туризм және кадр даярлау бағыттары бойынша негізгі инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылды. Қатысушыларға «Түркістан – Қазақстанның жаңа инвестициялық циклінің драйвері» тақырыбы бойынша өңірдің жоғары инвестициялық әлеуеті көрсетілді.
         Спикерлер қатарында Қазақстанның Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев, ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь және қытай провинцияларының өкілдері болды. Өз сөзінде қазақ дипломаты Сианьда орналасқан қазақстандық құрғақ порттың жаңа логистикалық орталық ретіндегі рөлін атап өтіп, қазақстандық өнімді ілгерілету үшін Сиань мен Чэнду қалаларында «Оңтүстік өңірдің Сауда үйін» ашуды ұсынды.
          Өңіраралық кездесулер барысында инвесторлар аудан әкімдері және жергілікті кәсіпкерлермен нақты жобаларды талқылады. Бірқатар компаниялар Түркістан облысының АЭА аумағында өкілдіктерін ашуға дайын екендерін білдірді. Қатысушылар форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және инвестициялық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Алдағы Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді

admin

Биыл Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай заманауи зауыттар іске қосылып, өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады.

admin

Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі қаржылық қауіпсіздік тестін тапсырды.

admin

Пікір жазу