Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ МАРАФОНЫ ӨТЕДІ

25 қазанда Түркістан қаласында «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыратын бесінші «Turkistan Marathon» халықаралық жүгіру жарысы өтеді. Республика күніне орай ұйымдастырылатын спорттық іс-шараға әлемнің 20-дан астам елінен 3 000 қатысушы келеді. Жарыстың сөресі мен мәресі «Keruen Saray» кешенінің маңында орналасады. Қатысушылар — 42,2 шақырымдық толық марафон, 21,1 шақырымдық жартылай марафон, 10 шақырым жүгіру, 10 шақырым скандинавиялық жүріс және балаларға арналған 3 шақырым қашықтық бойынша бақ сынайды.

Халықаралық марафон — Түркістанның туристік әлеуетін арттырып, қала экономикасының дамуына серпін береді. Айта кетейік, «Turkistan Marathon» жарысы — халықаралық марафондар мен жүгіру жарыстары қауымдастығының (AIMS) күнтізбесіне енгізілген. Жарыс жолы «World Athletics» стандарттарына сәйкес сертификатталған. Іс-шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Жарысқа тіркелу almaty-marathon.kz сайты арқылы жүргізіледі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы

admin

Таза Қазақстан акциясы аясында Сайрамда ауқымды сенбілік өтті!

admin

Қазақстан — әлемдік білім беру рейтингінде 18-орын (0.092)

admin

Пікір жазу