Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Республика күні қарсаңында Түркістан облысында «Huating Biotechnology» зауыты іске қосылды

Кәсіпорынды салуға «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы Ордабасы ауданындағы Темірлан елді мекенінен 10 гектар жер телімі берілген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуды тапсырған болатын. Заманауи технологияларды енгізе отырып, шикізатты дайын өнімге дейін өңдеу – өңір экономикасын дамытудың маңызды бағыттарының бірі.

Түркістан облысы – мал шаруашылығы жақсы дамыған өңір болғанымен, біз оның әлеуетін толық пайдаланбай келеміз. Біздің міндетіміз – мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен ғана шектелмей, оларды терең өңдеу арқылы қосымша экономикалық құндылық қалыптастыру. Бүгінгі бастама алдағы уақытта толыққанды өндіріс орнына айналып, осы жоба аясында тері өңдеу және желатин өндіру жоспарлануда.

Инвестор жобаны іске асыруға 9 млрд теңге қаржы салған. Кәсіпорын жылына 5 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Өндіріс орнында 100 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Бұл жоба өңіріміздің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға үлес қосады деп сенемін. Осы сәтті пайдаланып, маңызды жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан арнайы Чжао Сюйдун мырзаға және «Huating Biotechnology» компаниясының басшылығы мен ұжымына алғысымды білдіремін.

Басталған іс сәтті жүзеге асып, кәсіпорын ұжымына табыс пен береке әкелсін!
(с) Нұралхан Көшеров

Ұқсас жаңалықтар

Домбыра, жыр және цифрлық технологиялар: Астанада «Асыл мұра» ауқымды концерті өтеді

admin

РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ІС-ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

admin

Құқық қорғау органдары мен қоғам ынтымақтастығы арқылы нөлдік төзімділікті жүзеге асыру

admin

Пікір жазу