Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Тоқаев Ақордада Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүхты қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүхты қарсы алды.

Алдымен  екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды. Салтанатты рәсімнен кейін екі мемлекет басшысы келіссөз залына өтті.

Сапар аясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады.

Ухнаагийн Хүрэлсүх 2021 жылғы 25 маусымнан бері Моңғолияның президенті қызметін атқарып келеді. Ол осы қызметке 2021 жылғы 9 маусымда өткен сайлауда жеңіске жетіп, кейін ресми түрде ант беріп, қызметіне кірісті.

Ұқсас жаңалықтар

Отырар ауданында зорлық-зомбылыққа қарсы флешмоб ұйымдастырылды

admin

ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ӨТКЕН ТҮНГІ МАРАФОНҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АТЛЕТ ҚАТЫСТЫ

admin

Созақ ауданында қоғамдық-саяси ахуал мәселелері талқыланды

admin

Пікір жазу