Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ЖаңалықтарҚоғамСпорт

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА КӨКПАРШЫЛАР МЕН БАЙКЕРЛЕР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Республикалық референдум күні Сайрам ауданында ұлттық спорт өкілдері мен байкерлер де саяси науқаннан тыс қалмай, өз таңдауларын жасады. Көкпаршылар мен байкерлер дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдау ісіне белсенді түрде қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Ұлттық дәстүр мен еркіндік рухын дәріптеген азаматтар референдумға қатысу әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы екенін атап өтті. Олардың пікірінше, мұндай маңызды саяси шараларға қатысу қоғамдағы жауапкершілік пен бірліктің айқын көрінісі болып табылады.

Сайрам ауданының тұрғыны Жаңабек Бектұрғанов референдумға қатысу ел болашағына бейжай қарамаудың белгісі екенін жеткізді.

Референдум – мемлекет дамуына ықпал ететін маңызды қадам. Әр азамат өз таңдауын жасап, қоғамдағы өзгерістерге үлес қосуы керек. Халық белсенді болған жағдайда қабылданатын шешімдер де елдің еркіне негізделеді, – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛО МАСШТАБНОЕ МЕРОПРИЯТИЕ «НОВАЯ КОНСТИТУЦИЯ – ПРАВОВАЯ КУЛЬТУРА НАРОДА»

admin

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

admin

В Акорде провели экскурсию для школьников со всего Казахстана

admin

Пікір жазу