Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ДЕРБІСЕКТЕГІ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылындағы «ТП-32» ұңғымасына қатысты мәселе туындаған болатын. Аталған су нысаны бұған дейін «Рауан» ЖШС теңгерімінде болып келген. Су көзін жеке кәсіпкер 27 жыл бойы пайдаланған. Жалға алу мерзімі биыл 25 сәуірде аяқталып отыр. Су ресурсын пайдалануға арнайы рұқсат беру мәселесі бойынша «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы санитарлық аймақ талаптарының сақталмауына байланысты су пайдалану құқығын ұзартудан бас тартқан. Бұл туралы брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мәлімдеді.

«Бүгінде 18 мыңға жуық халқы бар елді мекенде ауыз су беру жағдайы тұрақты. 3 мыңнан астам абонент орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Қызмет көрсетуді «Сарыағаш Тұрмыс» коммуналдық кәсіпорны жүзеге асырып отыр. Тұрғындарды ауыз сумен қамту — гидранттық жүйе арқылы штаттық режимде жүргізілуде. Сонымен қатар, «№2-ТП» ұңғымасы қосымша ресурс ретінде пайдаланылып, су тапшылығының алдын алуға мүмкіндік беруде.

Ұқсас жаңалықтар

«ӘЛЕУМЕТТІК БАҚША» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӘЛЕМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛІП ЖАТЫР

admin

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

admin

Президент елімізде жасақталған «Жас сарбаз» қозғалысының айрықша рөліне назар аударды

admin

Пікір жазу