Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Олжас Бектенов отандық инновацияларды енгізгені үшін бизнесті көтермелеу шаралары туралы: ғылымға ұзақмерзімді инвестиция салуды ынталандыру қажет

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді инвестиция тарту мәселесін көтерді. Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұзақмерзімді инвестиция тартудың жаңа тетіктерін әзірлеу тапсырылды.

«Инвестиция тартуды ынталандыру керек. Қазіргі уақытта инновацияға қомақты қаржы саламын деп жүрген кәсіпкерлер көп деп айта алмаймыз. Мұндай үрдіс Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де солай. Сондықтан бизнесті ынталандыру тетіктері болуы керек»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қолданыстағы тәсілдер, оның ішінде коммерцияландыруға арналған гранттар, ҒЗТКЖ үшін салықтық преференциялар, эндаумент-қорлар және басқа да тетіктер туралы баяндады.

Ұқсас жаңалықтар

ОФИЦИАЛЬНОЕ ЗАЯВЛЕНИЕ ПАРТИИ «ӘДІЛЕТ»

admin

Церемония официальной встречи Президента Кипра в Астане

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАЛАРЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

admin

Пікір жазу