Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Олжас Бектенов геологиялық барлауға отандық технологияларды енгізу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шетелдік шешімдерге тәуелділікті азайту қажеттігін атап өтіп, геологиялық барлау жұмыстарына отандық технологияларды қолдану жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Осы бағытта белсенді жұмыс жүргізу керек – отандық технологияларға көбірек қаражат жұмсау керек»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төрағасы Асхат Хасеновтің айтуынша, бүгінде геологиялық барлау жұмыстарына көбіне шетел технологиялары қолданылады. Сонымен қатар салаға заманауи шешімдер біртіндеп енгізілуде. Нақтырақ айтқанда, сейсмикалық барлауда жарылыссыз әдістер қолданылуда, бұл Қаражанбас кен орнында жұмыс тиімділігін 50%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Бұл ретте, отандық ғылыми-технологиялық база дамып келеді. Ғылыми-зерттеу университеттерімен бірлесіп, тыңайтқыштарды қорғауға арналған күкірт негізіндегі полимерді әзірлеу жобасы жүзеге асырылуда.

Ұқсас жаңалықтар

«Азаматтық белсенділік мемлекетке деген сеніммен байланысты»

admin

Мемлекет басшысы Көлік министрін қабылдады

admin

«Заң мен Тәртіп» – жаңа Конституцияның негізгі қағидаты: Олжас Бектенов құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК отырысын өткізді

admin

Пікір жазу