Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзиді қабылдады.

Кездесуде қазақ-қытай мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайту, парламентаралық диалогты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2025 жыл екіжақты қарым-қатынасты дамытуда тарихи әрі теңдессіз кезең болды. Өзара сауда-саттық көлемі рекордтық деңгейге, яғни, 49 млрд долларға жетті. Қытайлық инвестициялардың жиынтық көлемі 29 млрд доллардан асты. Сонымен қатар Қазақстан мен Қытай арасында екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты дамытуға берік саяси негіз қалыптасты.

Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының төрағасы Қазақстан Президентіне ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ыстық ықыласын жеткізіп, Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтады.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТТА РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ “ШЕБЕРЛЕР БҰРЫШЫ” ҚҰРЫЛДЫ

admin

«Келешек мектептері»: оқушылар қабілетін дамытуға бағытталған ұлттық жоба

admin

Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы ескертеді!

admin

Пікір жазу