Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түлкібас ауданында дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, ұлттық құндылықтарды насихаттау және шетелде діни білім алудың қауіптілігі жөнінде түсіндіру кездесуі өтті. Аталған жиынға Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Кәлмен Бақдәуір Тынысбекұлы, Түлкібас ауданы прокуратурасының прокуроры Саржан Еркебұлан Ержанұлы,
Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов және орталық маманы Мырзабай Қайсар қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Кездесу барысында «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында дін саласына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салуға байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістер кеңінен түсіндірілді.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға теолог мамандар жан-жақты жауап берді.

Ұқсас жаңалықтар

Президенттің пікірінше, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық айрықша назар аударуға лайық

admin

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды

admin

Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды

admin

Пікір жазу