Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түлкібас ауданында дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, ұлттық құндылықтарды насихаттау және шетелде діни білім алудың қауіптілігі жөнінде түсіндіру кездесуі өтті. Аталған жиынға Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Кәлмен Бақдәуір Тынысбекұлы, Түлкібас ауданы прокуратурасының прокуроры Саржан Еркебұлан Ержанұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов және орталық маманы Мырзабай Қайсар қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Кездесу барысында «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында дін саласына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салуға байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістер кеңінен түсіндірілді.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға теолог мамандар жан-жақты жауап берді.

Ұқсас жаңалықтар

ТАУКЕНТ КЕНТІНДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ІСКЕ АСУДА

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

admin

345 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқытылды

admin

Пікір жазу