Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында полиция жол ережесін бұзған кортежді тоқтатты

Түркістан облысында полицейлер жол ережесін бұзған көлік кортежін анықтап, тоқтатты.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында тәртіп сақшыларының назарына Сайрам ауданында түсірілген бейнежазба ілікті. Кадрларда бірнеше қымбат көлік колоннасының жол қозғалысы ережелерін елемей, қарсы жолаққа шығып, өзге жүргізушілерге кедергі келтіргені байқалған.

Тексеру нәтижесінде Toyota, Lexus және Daewoo Nexia маркалы төрт автокөліктің иелері анықталды. Олар жол белгілерінің талаптарын бұзғаны және авариялық жағдай туындатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық бұзушылардың көліктері айыптұраққа қойылды, ал жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы Полиция департаменті жүргізушілер мен жолаушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

«Жол қозғалысы ережесін сақтау – әрбір азаматтың заң алдындағы міндеті. Ереже бұзу тек өз өміріңе емес, өзге адамдарға да қауіп төндіреді», – деп атап өтті Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция алдағы уақытта да осындай фактілердің алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бағытында тұрақты бақылау жүргізілетінін мәлімдеді.

Автор: Үміткүл Нұр
Күні: 20 қазан 2025 жыл, 11:42
Дереккөз: Polisia.kz

Ұқсас жаңалықтар

2025 ЖЫЛЫ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ 467 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ АЛДЫ

admin

Официальный визит Президента Касым-Жомарта Токаева в Китайскую Народную Республику завершился

admin

ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕНБІЛІККЕ ОБЛЫС ӘКІМІ МЕН ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

admin

Пікір жазу