Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Аймақ

Облыс әкімінің орынбасары тұрғындардың өтініштерін тыңдады 

Түркістан облысының тұрғындарын жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгін «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті рет жеке қабылдау өтті.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңір тұрғындарын жеке қабылдап, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік салалар мен жер мәселелерінде шешімін таппай жүрген түйткілді проблемаларын айтып, ұсыныстарын жеткізді.
Қабылдауға келген азаматтарға әрбір өтініш бойынша заң аясында жұмыс жүргізілетіні айтылды. Жауапты сала басшыларына ой-пікірлерді назарға алып, мәселелерді шешуді тапсырды.
Айта кетейік, облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ

admin

Отырар мектебінде «Қыз бала психологиясы» тақырыбында тренинг өтті

admin

Пікір жазу