Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

Жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді.

АҚШ-та 6 желтоқсанда (жергілікті уақыт) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық Эрисланди Лараның арасындағы бірден үш белбеуді сарапқа салатын жекпе-жекті қазақстандық жанкүйерлер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен 7 желтоқсан күні таңғы 06:00-де (қазақстандық уақыт) көре алады.

Жәнібек Әлімханұлы – WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы болса, Эрисланди Лара – WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы.
Еске салайық, жекпе-жегі АҚШ-тың Техас штатының Сан-Антонио қаласында Frost Bank Center аренасында өтеді. Жәнібек Әлімханұлы осыған орай Америкадағы өз жанкүйерлерін аренаға Қазақстанның көк туын желбіретін келуді сұраған болатын. Сондай-ақ, ол қазақстандықтарды және өзге де жанкүйерлерін бұл жекпе-жекке бәс тікпеуге шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

В Баку пройдет Тринадцатая сессия Всемирного форума городов (WUF13)

admin

«Конституциялық реформалар – тұрақты дамудың кепілі»

admin

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 21,5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

admin

Пікір жазу