Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Жаңа Конституцияның қабылдануы елдің болашағы үшін тарихи қадам болып табылады

Alem.ai battle және AI Governance Cup жарыстарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтитын ауқымды өзгерістер жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Президент жаңа «халықтық Конституцияның» қабылдануын Қазақстанның болашағын айқындайтын ерекше маңызды тарихи қадам ретінде бағалады. Жалпыұлттық референдум барысында азаматтардың жоғары белсенділігі ел халқының жауапкершілігін, бірлігін және жаңа Негізгі Заңды қолдайтынын көрсетті.

Жаңа Конституцияда Қазақстан халқының бірегей құндылықтары, ортақ мұраты және даму бағыты көрініс тапқан. Атап айтқанда, жастарға елдің болашағын алға сүйрейтін белсенді, білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ ретінде ерекше жауапкершілік жүктеледі. Бұл тұрғыда Конституция болашақ ұрпақ үшін маңызды стратегиялық бағдар болып табылады.

Сонымен қатар, жаңа Негізгі Заң «Заң мен тәртіп» қағидатын мемлекеттік жүйе мен қоғамдық сананың негізгі тірегі ретінде бекітетін Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы азаматтардың туған жерге деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді. Құжатта ғылым, білім және инновацияны дамыту, адами капиталды күшейту сияқты басым бағыттар айқындалған. Бұл өз кезегінде елдің тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға берік негіз қалайды.

Ұқсас жаңалықтар

Итоги I квартала 2026 года: информационные атаки вышли на новый технологический уровень

admin

Джевдет Йылмаз қазақ елінде көрсетілген сый-құрмет үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты

admin

МАҚТААРАЛДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin

Пікір жазу