Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш ауданында қоғамдық тұрақтылық пен балалардың қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен Сарыағаш ауданында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының орындалу барысы бойынша кеңейтілген жиын өткізілді.

Іс-шараға ауданның жергілікті атқарушы органдарының, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Кеңес барысында облыс прокурорының орынбасары Даулет Бекбашұлы Тлемисов өңірдегі өзекті мәселелерге тоқталып, балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамдық тұрақтылықты сақтау бағытында нақты хаттамалық тапсырмалар берді.

Сонымен қатар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және профилактикалық шараларды жүйелі түрде жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.

#заңментәртіп

Ұқсас жаңалықтар

✔️Жаңару үшін дауыс бер!

admin

5 открытий Шокана Уалиханова, потрясших мир

admin

Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

admin

Пікір жазу