Ұлытау облысы жұмыс күші тапшылығын азайту және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды ерікті қоныс аудару бағдарламасы аясында өңірге қоныс аударуға шақырады.
Ұлытау облысы – еліміздің орталық бөлігінде орналасқан тарихи-мәдени және экономикалық маңызы жоғары өңір. Облыстың әкімшілік орталығы – Жезқазған қаласы. Халық саны шамамен 220 мың адамды құрайды.
Өңірде еңбек нарығында сұраныс жоғары салалар бар. Әсіресе білім беру және денсаулық сақтау салалары бойынша білікті мамандарға қажеттілік жоғары.
Осыған байланысты сіздерді «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті қоныс аударуы» бағдарламасына қатысуға шақырамыз!
Қазіргі уақытта облысымыз бойынша қоныс аудару үшін Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендері – Талап, Малшыбай, Кеңгір, Теректі ауылдары, Қаражал және Сәтбаев қалалары, сондай-ақ Жаңаарқа және Ұлытау аудандарына квота ашық.
Бағдарламаға қатысушыларға мемлекет тарапынан көшу шығындарын өтеуге, тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге субсидиялар, сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға арналған экономикалық мобильділік сертификаты (тек отбасымен қоныс аударған азаматтарға), жаңа тұрғылықты жерде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастамаларды іске асыруға жәрдем көрсету көзделген.
Өтініштер электрондық форматта migration.enbek.kz порталы арқылы қабылданады.
Егер сіз жаңа өңірде тұрақты жұмысқа орналасып, тұрғын үй мәселесін шешіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқыңыз келсе, ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат алу үшін:
Жезқазған қаласының мансап орталығы: 8 707 626 59 53
Сәтбаев қаласының мансап орталығы: 8 777 174 50 76
Қаражал қаласының мансап орталығы: 8 777 287 50 73
Жаңаарқа ауданының мансап орталығы: 8 705 489 66 99
Ұлытау ауданының мансап орталығы: 8 705 579 30 30
алдыңғы
