Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА VIII ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫ АЯСЫНДАҒЫ 3×3 БАСКЕТБОЛ ЖАРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының VIII Халық ойындары аясында өткен 3×3 баскетбол жарысы өз мәресіне жетті. Еліміздің әр өңірінен келген үздік командалар бірнеше күн бойы өзара бақ сынап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.
Ерлер арасындағы тартысты бәсекеде Астана қаласының құрамасы жоғары шеберлік танытып, чемпион атанды. Қарағанды облысының командасы күміс жүлдеге ие болса, Жетісу облысының спортшылары қола медальді қанжығасына байлады.
Ерлер:
Астана қаласы
Қарағанды облысы
Жетісу облысы
Әйелдер арасында Шымкент қаласының құрамасы қарсыластарынан басым түсіп, алтын жүлдені жеңіп алды. Түркістан облысының командасы күміс жүлдеге ие болса, Батыс Қазақстан облысының спортшылары үздік үштікті түйіндеді.
Әйелдер:
Шымкент қаласы
Түркістан облысы
Батыс Қазақстан облысы
Осылайша, VIII Халық ойындары аясындағы 3×3 баскетбол сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, еліміздің өңірлерінен келген спортшылардың шеберлігі мен бәсекеге қабілетін тағы бір мәрте айқындады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда ескек есуден жазғы Қазақстан чемпионаты басталды

admin

Қоршаған ортаны ластағаны үшін 10 АЕК (43 250) қайталанса 20 АЕК (86 500) айыппұл қарастырылған

admin

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды

admin

Пікір жазу