Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды

Үкімет  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті және әлеуметтік бағдарланған Қазақстан құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында халықты қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізуде. Жаңа Конституцияда бекітілген әлеуметтік мемлекет қағидаттары азаматтардың барлық санатын — балалы отбасыларды, жастарды, мүгедектігі бар адамдарды, зейнеткерлерді, әлеуметтік сала қызметкерлерін және табысы төмен азаматтарды қамтитын нақты шешімдер арқылы жүзеге асырылып отыр.

Бүгінде әлеуметтік қолдау ауқымы миллиондаған адамды және жүздеген миллиард теңгені қамтып отыр. 2,5 миллионнан астам адам зейнетақы алады, 630 мыңнан аса көпбалалы отбасы жәрдемақымен қамтылған, 544 мыңнан астам азамат мүгедектік бойынша қолдау алады, ауылдық жерлерде шамамен бір миллион тұрғын жаңа медициналық инфрақұрылымға қол жеткізді, ал білім беру гранттарының саны соңғы бес жылда 93 мыңнан астамға жетті.

Бүгінде елімізде әлеуметтік қолдаудың көп деңгейлі жүйесі қалыптасқан. Ол тегін медициналық көмек, мемлекеттік жәрдемақылар, зейнетақымен қамсыздандыру, білім мен ғылымды қолдау, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға арналған арнайы қорғау бағдарламаларын қамтиды.

Бұл шаралардың көпшілігі қаржыландыру көлемі жағынан да, қамтитын азаматтар саны жағынан да бұрын-соңды болмаған.

Баршаға қолжетімді медицина

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтау және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін әрі қарай дамыту әлеуметтік саясаттың басты жетістіктерінің бірі болып қала бермек. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған денсаулық сақтау жүйесін дәйекті түрде жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінде қазақстандықтар мемлекет есебінен кең ауқымды медициналық көмектер: дәрігерлер кеңесі мен профилактикалық тексерулерден бастап, құны ондаған миллион теңгеге жететін жоғары технологиялы операцияларға дейін тегін алуда. Кардиохирургиялық операциялар, нейрохирургиялық араласулар, ағза трансплантациясы, онкологиялық ауруларды емдеу, сирек патологиясы бар науқастарға көмек және басқа да қымбат ем түрлері қаржыландырылады. Мемлекеттік қолдау болмаған жағдайда мұндай ем көптеген отбасылар үшін қолжетімсіз болар еді.

Онкологиялық тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілді. Соның нәтижесінде шамамен 300 мың адам қосымша диагностикадан өту мүмкіндігін алды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде демографиялық көрсеткіштер тұрақты түрде жақсарып келеді. Өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары деңгейге жетіп, 75,97 жасты құрады. Қазақстан сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді азайту жөніндегі мақсатты көрсеткішіне мерзімінен бұрын қол жеткізді. Сонымен қатар профилактикалық медицина дамып келеді, скринингтік бағдарламалар кеңейтілуде, ерте диагностиканың жаңа әдістері енгізілуде және диспансерлік бақылау жүйесі жетілдірілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көші-қон саясатын жетілдіру және елге жоғары білікті мамандар тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

admin

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты

admin

Қазақстанда «Digital Nauryz» жобасының қорытындылары жарияланды

admin

Пікір жазу