Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысының медициналық ұйымдары республикалық деңгейде үздік деп танылды

Бүгін Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Сала мамандарының кәсіби мерекесі аясында ана мен бала денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген үздік медициналық ұйымдар марапатталды.
Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша Түркістан облысының екі іргелі мекемесі жоғары нәтиже көрсетіп, «Беделді» атағына ие болды:

«Беделді перзентхана»номинациясы бойынша — Түркістан облыстық №1 перинаталдық орталығы.

«Беделді балалар ауруханасы» номинациясы бойынша — Түркістан қалалық балалар ауруханасы.

Бұл марапаттар — өңірдегі медициналық көмек сапасын арттыруға, заманауи диагностика мен емдеу әдістерін енгізуге қосқан сүбелі үлестің және ұжымдардың күнделікті қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы атынан әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен және қол жеткізген жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Ел денсаулығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріңізде табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Ұқсас жаңалықтар

«КЕЛЕШЕК» БІРЫҢҒАЙ ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

admin

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

admin

Түркістан облысының әкімі тұрғындарды Амал мерекесімен құттықтады

admin

Пікір жазу