Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Түркістанда терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабының отырысы өткізілді

ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің ғимаратында Департамент бастығының МУА ұ.қ. полковнигі Т.А. Мельдешовтың төрағалығымен терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабының кезекті отырысы өткізілді.
Отырысқа күн тәртібіне сәйкес жедел штаб мүшелері және командалық-штабтық оқу жаттығу нәтижесімен төмен нәтиже көрсеткен Кентау қалалық жедел штабының басшыларын тыңдау үшін қатыстырылды.
Жиын барысында, облыстық әкімдік және Полиция департаменті тарапынан жедел штабтың материалдық-техникалық жарақтандырылуының жай-күйі жөнінде баяндамалар жасалды.
Сонымен бірге, терроризмге қарсы күрес жөніндегі Кентау қалалық жедел штаб басшысы мен орынбасары және «тосқауыл қою» тобының басшысы тыңдалды.
Жедел штаб мүшелеріне алдағы уақытта анықталған кемшіліктер қайталанған жағдайда тиісті шара қарастырылатындығы туралы ескертілді.
Отырыс қорытындысы бойынша, облыстық жедел штабтың, оның ішінде «Арлан» арнайы мақсаттағы және жылдам қимылдайтын арнайы бөліністерінің материалдық-техникалық жарақтандырылу мәселелерін шешу жолдары қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.

Ұқсас жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ:

admin

Тазалық – өркениетті қоғамның басты құндылығы

admin

ОТЫРАР: «САУТС ОЙЛ» ЖШС-НІҢ ҰЖЫМЫНА ЕҢБЕК КОДЕКСІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin

Пікір жазу