Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

«Нашақорлыққа жол жоқ!»

Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығы мен Түркістан қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың адам денсаулығына, болашағына және қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру, сондай-ақ зиянды әдеттерден аулақ болуға саналы көзқарас қалыптастыру мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге пробация есебінде тіркелген тұлғалар мен ерікті жастар қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға есірткінің адам өміріне кері әсері, оның әлеуметтік және психологиялық салдары туралы кеңінен ақпарат беріліп, ашық пікір алмасу өтті.
Жастарға дұрыс таңдау жасау, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және жарқын болашақ үшін салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
#нашақорлыққажолжоқ #салауаттыөмірсалты #turkistanjastary

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ЖАҢА БАСТАМАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ

admin

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫНА» ОРАЙ «ШАҢЫРАҚ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

admin

Astana Half Marathon 2026 шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты

admin

Пікір жазу