Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДА  СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» тақырыбында семинар өтті.  Шараның мақсаты — мемлекеттік қызметшілер мен мекеме қызметкерлерінің арасында әдеп нормаларын сақтау мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру және әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінің маңызын түсіндіру.
Аталған жиынға Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ербол Керімбекұлы, Түркістан облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Бақыт Жолдасбекұлы, Қоғамдық даму басқармасы басшысының м.а Болат Серікұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ернұр Жұматайұлы және мемлекеттік органдар мен мекеме қызметкерлері қатысты.
Мұндай семинарлар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметкерлер арасына әдеп нормаларының сақталуына зор ықпал етпек.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Глава государства принял председателя Японской парламентской лиги дружбы с Казахстаном Ясутоши Нишимуру

admin

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

admin

Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров раушан гүлдері өсірілетін ірі тұқымбақтардың біріне барып, гүл шаруашылығындағы заманауи тәсілдермен танысты

admin

Пікір жазу