Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

​Түркістанда «Конституция және еріктілік» волонтерлік форумы өтті

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Конституция және еріктілік» атты волонтерлік форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты – жастар арасында Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын кеңінен насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және еріктілік қызметтің қоғамдағы рөлін дәріптеу.
Іс-шараға белсенді жастар мен еріктілер қатысты. Форум барысында Конституцияның қоғамдағы орны, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, еріктілік қызметтің әлеуметтік маңызы және жастардың қоғамдық бастамаларға қатысуы жөнінде мазмұнды баяндамалар мен пікір алмасулар өтті.
Қатысушылар волонтерлік қызметті дамыту, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру және қоғамдық мәселелерді бірлесіп шешу бағытындағы ұсыныстарын ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты.
Іс-шара қорытындысында Конституция қағидаттарын құрметтеу, азаматтық жауапкершілікті нығайту және еріктілік мәдениетін дамыту бағытындағы бастамалардың маңыздылығы атап өтілді.

Ұқсас жаңалықтар

БАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗ ОРТАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

admin

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа қадамы

admin

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 512 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

admin

Пікір жазу