Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Түркістанда грек этномәдени қоғамдық бірлестігі Конституциялық реформа бойынша референдумды қолдады

Screenshot

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы грек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сидиропуло Кристина Дмитиревнаның қатысуымен референдумды қолдау бойынша отырыс өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – еліміздегі конституциялық реформалардың маңызын түсіндіру, саяси жаңғыру үдерісінде этномәдени бірлестіктердің рөлін айқындау және қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту болды.

­

Іс-шара барысында қатысушылар конституциялық реформалардың ел дамуына ықпалы, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты сақтау, сондай-ақ жастардың азаматтық белсенділігін арттыру мәселелерін жан-жақты саралады.

Жиын барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдіріп, ашық сұхбат форматында пікір алмасты. Сондай-ақ, 15 наурыз референдумға дауыс беруге бір ауыздан қолдау білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 120 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

admin

Жыл басынан бері Каспий теңізіне 6 млрд текше метрден астам су жіберілді

admin

НЕГІЗСІЗ БАҒА КӨТЕРГЕН 62 ДҮКЕНГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

admin

Пікір жазу