Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Каспий теңізіне 6 млрд текше метрден астам су жіберілді

Соңғы 2,5 жылда Каспий теңізіне 35 млрд текше метрден астам су жіберілген. Оның ішінде шамамен жартысы – 17 млрд текше метрден астам су 2024 жылы тіркелген ауқымды су тасқыны кезеңіне тиесілі. Ал 2026 жылдың басынан бері Каспий теңізіне 6,16 млрд текше метр су бағытталды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Жаңа Су кодексін іске асыру мақсатында министрлік Қазақстандағы өнеркәсіптік кәсіпорындарды түгендеу жұмыстарын аяқтады. Былтыр қабылданған Су кодексіне сәйкес кәсіпорындар бес жылдық мерзімге арналған айналымды сумен жабдықтау жүйесіне көшу жоспарын әзірлеуге міндетті. Сонымен қатар қолданыстағы жүйелер ең үздік қолжетімді технологияларды пайдалана отырып жаңғыртылуға тиіс.
Қазіргі уақытта осындай 168 жоспар әзірленген. Мұндай құжаттарды еліміздегі барлық кәсіпорын дайындауы қажет.
Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны бес есеге артты. 2024 жылға дейін мұндай технологиялар жыл сайын орта есеппен 30 мың гектар алқапқа енгізілсе, 2024 және 2025 жылдары бұл көрсеткіш жылына 150 мың гектарға жетті.
Былтырдың қорытындысы бойынша Атырау облысында жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелері арқылы 9,3 мың гектар жер суарылып, нәтижесінде 12,8 млн текше метр су үнемделді. Ал биыл су үнемдеу технологиялары қосымша 800 гектар аумақта енгізілді.
«Біздің міндетіміз – су ресурстарын ұтымды әрі үнемді пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ су шығынына жол бермей, оны нақты қажет жерлерге, яғни егістік алқаптарға, кәсіпорындарға және азаматтардың үйлеріне уақытылы жеткізу. Су – тұрақты дамудың, азық-түлік қауіпсіздігінің және халықтың әл-ауқатының негізі. Сондықтан инфрақұрылымды жаңғырту және заманауи технологияларды енгізумен қатар, суды жауапкершілікпен пайдалану мәдениетін қалыптастырудың маңызы зор. Тек күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана болашақ ұрпақ үшін су қорын сақтап қала аламыз», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш өнеркәсіп, мұнай-газ, атом энергиясы, көлік-логистика, қорғаныс өнеркәсібі, цифрландыру, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау салаларындағы өзара ынтымақтастық перспективаларын талқылады

admin

Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IАСА) президенті Памела Харристі қабылдады

admin

Общественные слушания завершены: проект Almaty SuperSki получил поддержку, начинается новый этап развития горного кластера Алматы

admin

Пікір жазу