Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

НЕГІЗСІЗ БАҒА КӨТЕРГЕН 62 ДҮКЕНГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жетекшілік ететін салаларының басшыларымен мәжіліс өткізіп, тапсырмалардың орындалуын саралады.
Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Анықталған бағаны негізсіз көтеру деректері өңірлік комиссияда қаралып, тиісті шаралар қабылдануда. Жыл басынан бері өңірлік комиссияның 44 отырысы өткен. Нәтижесінде 62 дүкенге әкімшілік шаралар қабылданып, айыппұл салынған.
Түркістан-Шымкент-Сарыағаш бағытындағы күре жол бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін реттеу мәселесі де қаралды. Басқарма басшысының мәліметіне сәйкес, жол бойында 149 кәсіпкерлік нысан бар. Оның 85-і жөндеуді қажет етеді.
Нұрбол Тұрашбеков ұсынылған мәліметпен келіспейтінін айтты. Аудан-қала кесіндісі бойынша нысандардың санын қайта зерделеп, нақтылауды тапсырды. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесін жүйелі түрде ұйымдастыру маңыздылығын атап өтті.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Төлеповке аудан-қалалардағы күзгі ағаш отырғызу маусымының нәтижесін саралап, мәліметтерді сәйкестендіруді ескертті.
Ветеринария басқармасының басшысы Ербұлан Жәнібеков облыс аумағында мал қозғалысын тіркеу, кіріс-шығыс есебін жүргізу барысында кездесіп жатқан өзекті мәселелерді жеткізді.
Облыс әкімінің орынбасары хаттамалық тапсырмалардың
орындалуын да тексеріп, жауаптыларға тиісті міндеттер жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

КІТАП – РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ: ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ ОРАЙ АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

admin

Экологическая солидарность как основа стабильности и единства региона

admin

Труд, созидание и патриотизм — основа сильного общества

admin

Пікір жазу