Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА СУ АЙДЫНДАРЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ӨТТІ

Түркістан облысының бірнеше ауданында «Таза су айдындары» экологиялық акциясы аясында тазалық шарасы өтті. Шардара, Төлеби, Түлкібас, Сайрам, Бәйдібек, Арыс, Отырар мен Сауран аудандарында ұйымдастырылған шара барысында өзен-көлдердің жағалаулары күл-қоқыстан азартылып, арнайы аймақтарға жеткізілді.

Мәселен, Сайрам ауданында Ақсу өзенінің 4,6 шақырым жағалауын тазартуға 200-ден астам тұрғын мен 2 арнайы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 2,2 тонна тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы полигонға жөнелтілді. Шараға қатысқан белсенділер тұрғындарды тазалық сақтауға шақырды.

«Қоршаған ортаны қорғау – әрбіріміздің болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз. Өңір тұрғындарын жазғы демалыс кездерінде табиғат аясына шыққан соң, өз аумақтарын тазалап кетуге шақырамыз»- деді аудан тұрғыны Бақытжан Тәжіханов.

Тазалық шаралары алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Жазғы шомылу маусымы кезінде өңірдегі су айдындарының аумағында тұрақты тексеріс жүргізіледі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының индустриалды аймақтарында құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр

admin

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміз Түркияның «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматын құру бастамасын қолдады»

admin

Әлеуметтік желілерде арандатушылық пен алауыздықты қоздыруға мүлдем жол берілмейді – Бас прокуратура

admin

Пікір жазу