Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Құрылтай өз жұмысын бастайды – Президент депутаттар сайлауын 23 тамызға тағайындады

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы astana-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық,

материалдық -техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.

4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 1 шілде

№ 1338

https://kaz.inform.kz/news/prezident-kuriltay-deputattarinin-saylau-kunn-belgled-431de19c

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты

admin

Сайрам ауданында қоғамдық тұрақтылық пен балалардың қауіпсіздігі талқыланды

admin

Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді»

admin

Пікір жазу