Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандарға және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстар, сондай-ақ олардың алдын алу шаралары бойынша мәселелер қаралған мекемеаралық мәжіліс өтті.

Мәжіліске облыстық және аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы биліктің, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында жүргізілген талдаулардың нәтижелері таныстырылып, анықталған заң бұзушылықтар мен олардың себептері, сондай-ақ тергеп-тексеру процестерінің заңдылығы мен профилактикалық жұмыстардың тиімділігі талқыланды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың адамгершілік және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, отбасылық тәрбиені күшейту бағытында жаңа тәсілдер мен ұсыныстар назарға алынды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша осы салаға жауапты мемлекеттік органдарға хаттамалық тапсырмалар беріліп, бірқатар нақты ұсыныстар мақұлданды.

Облыс прокуратурасы атап өткендей, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – прокуратура органдары қызметінің басты бағыттарының бірі болып қала береді.

#заңментәртіп

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері «Медеу» спорт кешеніне барды

admin

«Әділет» партиясының II Съезі аясында стратегиялық сессия өтіп, делегаттар партияның алдағы басым бағыттарын талқылады

admin

ГЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ІРІ ТҰЛҒАСЫ

admin

Пікір жазу