Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА ЖАҢА БАСПАНА ТАБЫСТАЛДЫ

Шардара ауданында әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға көмек көрсету бағытындағы игі бастамалар жалғасуда. Осы жолы тағы бір отбасы баспаналы болып, қоныс тойының қуанышына бөленді.

Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен жүзеге асқан қайырымдылық шарасы ел ішіндегі жанашырлық пен бірліктің, әлеуметтік жауапкершіліктің айқын көрінісіне айналды.

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолдау мақсатында Далбакова Гүлназ Жолдашбайқызының отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жан-жақты қаралып, нақты көмекке мұқтаж екені анықталған. Нәтижесінде отбасыға жаңа баспана сыйлау жөнінде шешім қабылданды.

Қайырымдылық шарасы «АРМ спорт» клубының 25 жылдық мерейтойы және Ұлы Отан соғысының ардагері Роман Қарсыбайұлының құрметіне арналған қол күресінен XXVIII облыстық турнир аясында ұйымдастырылды. Спорттық іс-шара барысында игі іс те қатар өріліп, көпшілікке ізгіліктің үлгісі көрсетілді.

Айта кетейік, жаңа тұрғын үй мемлекеттік бюджеттен емес, демеушілердің қолдауымен сатып алынған. Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары «Tungush Group» ЖШС қаржылай қолдау көрсетіп, баспананың кілті салтанатты түрде отбасы иесіне табысталды.

Салтанатты рәсім барысында жаңа қоныс иелері аудан басшылығына және қайырымдылық жасаған азаматтарға алғыстарын айтып, ақжарма тілектерін жеткізді.

Шардара ауданында алдағы уақытта да халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған осындай қайырымдылық және қолдау шаралары жалғасын табады.

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған республикалық диктант ұйымдастырылуда

admin

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ

admin

Алматы хайуанаттар бағы рекорд орнатты

admin

Пікір жазу