Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы: «Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы»

«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қасиетті Отанымыз – Қазақ елінің әрбір азаматы үшін маңызы ерекше мереке. Біз осы күні байрағымызды биікке көтереміз. Сол арқылы еңселі, егемен ел екенімізді күллі әлемге паш етеміз.
Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы. Мемлекетіміздің әр нышаны халқымыздың болмыс-бітімінің көрінісі саналады.
Елтаңба – елдігіміздің айшықты белгісі. Әнұран – азаттығымыздың айбынды үні. Көк Туымыз – Тәуелсіздік тұмары. Төбемізге көтеріп, қадір тұтатын осы үш рәмізді мемлекеттігіміздің мызғымас үштағаны десек, артық болмайды.
Тарихқа үңілсек, жұртымыз әрқашан бір тудың астына жиналып, ынтымақ-бірлігін сақтай білген. Қазір де еліміз ауызбіршілігін нығайтып, алға қарай сеніммен қадам басып келеді».

Ұқсас жаңалықтар

референдум комиссияларына арналған семинар өтті

admin

Олжас Бектенов Түркістан облысында электр стансасын салу жөніндегі Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасының орындалу барысымен танысты

admin

ЕҢБЕК АДАМЫ- ЕЛДІҢ ТІРЕГІ, ҰРПАҚТЫҢ ҮЛГІСІ

admin

Пікір жазу