Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық нышандарымызды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі»

«Бәріңізге белгілі, наурыз айында біз біртұтас қоғам болып жалпыұлттық референдумға қатыстық. Азаматтарымыз конституциялық реформаны қолдап, дауыс берді.
Осылайша, біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын аштық. Ата заңда халқымыздың сан ғасырлық арман-тілегі, мақсат-мұраты көрініс тапты. Кең байтақ жеріміздің тұтастығы, еліміздің егемендігі, азаматтардың құқықтары және бостандықтары басты құндылықтар деп жазылды.
Заң мен тәртіпті сақтау, білім мен ғылымды, жаңа технологияларды дамыту, тазалықты дәріптеу, табиғатты қорғау, волонтерлік қызметті қолдау конституциялық міндет ретінде айқындалды. Түбегейлі жаңа сипатқа ие болған Ата заңымыз Әділетті Қазақстанның мызғымас жарғысына айналды.
Конституцияда әр адам еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиіс деп көрсетілді. Себебі ұлттық нышандарымызды қадірлеу отаншылдық рухының ең биік өлшемі екені сөзсіз».

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ РЕФЕРЕНДУМҒА БАРДЫ

admin

Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз!

admin

Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров раушан гүлдері өсірілетін ірі тұқымбақтардың біріне барып, гүл шаруашылығындағы заманауи тәсілдермен танысты

admin

Пікір жазу