Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

«ЕҢБЕК АЛЛЕЯСЫ» – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ, ЕҢБЕККЕ ТАҒЗЫМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Бұл бастама қоғамда еңбек адамының мәртебесін көтеруге, жас ұрпақтың бойында еңбекқорлық пен кәсіби шеберлікке деген құрметті арттыруға бағытталған.

Осыған орай және 1 қазан – Қарттар күні, сондай-ақ 2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні мерекелеріне арналған «Еңбек аллеясы» атты игі іс-шара ұйымдастырылды.

Шараға «Ашық жүрек» еріктілер клубының мүшелері мен колледж ұстаздары қатысып, оқу орнының ардагер ұстаздарын мерекемен арнайы құттықтады. Ардагерлерге гүл шоқтары мен сый-сияпаттар табыс етіліп, олардың еңбек жолындағы үлгілі істері мен жастар тәрбиесіне қосқан зор еңбектері ерекше атап өтілді.

«Еңбек аллеясы» – ұрпақтар сабақтастығын дәріптеп, аға буынның даналығы мен еңбегін кейінгі жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында бой көтерген символдық жоба. Бұл бастама еңбекке адалдықты, мамандығына деген сүйіспеншілікті және ұлт болашағына деген жауапкершілікті ұлықтайды.

Іс-шара соңында ардагер ұстаздар ұжымға алғыстарын білдіріп, жас мамандарға ақ батасын берді. Ал еріктілер мен студенттер ардагерлерге құрмет көрсету – қоғамның рухани байлығы мен мәдени өркендеуінің айқын көрінісі екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алатауды ресми түрде бірегей құқықтық мәртебесі бар «қарқынды дамитын қала» деп атауға болады» тақырыптар

admin

Түркістанда түркі халықтарына ортақ ит тұқымдарының көрмесі өтті

admin

Олжас Бектенов проверил реализацию поручений Президента по строительству электростанции в Туркестанской области

admin

Пікір жазу