Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ КҮШІНЕ ЕНЕДІ

Санаулы күннен кейін, яғни 1 шілдеден бастап елде жаңа Конституция күшіне енеді. Бұл – жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған тарихи құжат. Аталған құқықтық реформа мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды саяси қадам ретінде аталып отыр.

Жаңа Конституция қазіргі дәуір талабына сай келетін жан-жақты құжат. Мұнда басты қағида – адам құқығын, бостандығын қорғау. Және сол арқылы еліміздің дамуы қамтамасыз ету көзделген.

Конституция – мемлекетіміздің ұзақмерзімді мақсат-мұратын айқындайтын, ұлтымыздың келешек тағдырына тікелей әсер ететін тарихи құжат, – деді Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының айтуынша, құжат жобасы шамамен екі жыл бойы пысықталған. Соның арқасында заң мұқият талқыланып, зерделеніп жазылды.
Бүгін баршаңыз тарихымыздағы аса маңызды, мән-мағынасы айрықша, ел өмірінде өшпес із қалдыратын оқиғаның куәсі болдыңыздар. Мен Мемлекет басшысы ретінде бүкіл халық атынан Ата заңымызға қол қойдым. Сонымен қатар Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. Еліміздің барша халқына Ата заңымыз құтты болсын дегім келеді!, – деді Президент салтанатты жиында.
Жаңа Ата Заңда бірнеше басты ерекшелік пен өзгерісті атап өтуге болады. Мәселен, жаңа жүйеде алғаш рет вице-президент лауазымы болады. Ал екі палаталы Парламент таратылып, оның орнына бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай жұмыс істейді. Құрылтай депутаттары партиялық тізім бойынша сайланады.

Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы таратылады. Жаңадан Халық Кеңесі деген құрылым пайда болады. Мұнда заңнамалық бастамалар көтеріліп, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша ұсыныстар әзірленеді. Аталған орган ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етуге тиіс.

Конституциялық өзгерістер адам құқығын қамтамасыз етуде, ашықтықты қалыптастыруда басты ролге ие болады. Оның аясында адвокатура мен омбудсмен институттарының мәртебесі күшейтіліп, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері жетілдіріледі. Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуге және мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік қызметші әдеп нормаларын сақтау – қоғам сенімінің негізі

admin

Астанада жас жұбайлардың салтанатты неке қию рәсімі өтті

admin

ОРДАБАСЫДА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ІІІ ФОРУМЫ ӨТТІ: ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

admin

Пікір жазу