Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Саясат

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Президент ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Бұл кәсіби мерекенің ел өмірінде алатын орны айрықша. Себебі журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер. Қазіргі жаһандық технология дамыған заманда азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналистер қауымына жүктелген абыройлы міндет саналады. Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Ел Президенті ретінде бүгін мен барша медиа саласы мамандарына шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда Наурыз мерекесіне орай республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БЕЛГІЛІ САЗГЕР БЕКЖІГІТ СЕРДӘЛІ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

admin

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!

admin

Пікір жазу