Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Спорт

Түркістандық таэквондошылар ел чемпионатында 4 медаль еншіледі 

Астана қаласында 10-14 наурыз күндері таеквондодан (WT) кадеттер арасында Қазақстан Республикасының біріншілігі өтті. Тартысқа толы өткен елішілік додада Түркістан облысының спортшылары табысты өнер көрсетіп, 4 медальді қоржынға салы.
Атап айтар болсақ, +59 келіде Жібек Ерғазы барлық қарсыластарын тізе бүктіріп, алтын медальді мойнында жарқыратса, 55 келідегі Жаншуақ Нәлібай күміс медаль еншіледі. Ал 33 келідегі сынға түскен Шадияр Рузматов пен 59 келідегі Хадиша Исламбек қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

КӨКПАРШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМДА ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

admin

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні

admin

ОТЫРАРДА 18 ЖАСҚА ТОЛҒАН ЖАСТАР РЕФЕРЕНДУМДА АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІ

admin

Пікір жазу