Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
АймақМәдениет

Түлкібаста жазушы Шынарбек Үсіпбайұлымен кездесу өтті

Наурызнаманың төртінші күні Түлкібас аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Автормен кітап оқу» іс-шарасы өтті. Кеш қонағы – жергілікті жазушы Шынарбек Үсіпбайұлы оқырмандармен кездесу өткізіп, шығармашылығы жайлы сыр шертті. Жазушы еңбек жолы мен туындылары туралы, әдебиеттегі шығармашылық жайыі туралы ой бөлісіп «Жазушыға ең бастысы – шабыт пен жүрек тыныштығы. Құдайдан берілген талант шабытпен үйлескенде ғана жақсы шығарма туады» деп атап өтті.
Кеш барысында қатысушылар автордың «Жұмбақ із», «Өмір дәмі», «Найзагер», «Дара тұлға» секілді кітаптарындағы кейіпкерлер мен оқиғалардың шынайы өмірден алынған прототиптері жайлы сұрап, пікір алмасты. Сондай-ақ автордың шығармалары мен фотосуреттерінен құралған арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара соңында жазушы мен кітапханашылар музей ішін аралап, ауданның тарихымен танысты.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Түркістан облысы мен Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері Амал күнін қарсы алды

admin

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ

admin

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!

admin

Пікір жазу