Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Мәдениет

Райымбек Сейтметов театрында «Арба» монодрамасы көрерменге жол тартты

Бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласвның сазды-драма театрында «Арба» монодрамасының тұсауы кесілді. Премьераға зиялы қауым өкілдері мен театр сүйер көрермен қатысты.
Кейіпкердің жалғыздықпен күресу жолынан басталған қойылым одан әрі күрделі эмоциялық және психикалық көріністері арқылы өрбиді. Темірланның өмірдегі әр қадамы арқылы өскенін, қалай ер жеткенін көрсетеді. Әкесінің естеліктерімен тіршілігін жалғастыра жүріп, сынақтарға төтеп береді.
«Арба» монодраманың басты рөлінде ойнаған театр актері – Аяз Ильясов. Қойылым авторы – Бақыт Жалиева, қоюшы режиссері – Асхат Қалыбеков.
Айта кетейік, қойылым өмір арбасының жетегіне жегіліп кетпей, қанша құласаң да, аяққа тік тұрып, жарыққа ұмтылуға шақырады. Көзіне жас алған көрермен қауым қойылым соңында театр әртістеріне ризашылықтарын білдірді.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Сіз күткен көктем…

admin

Соңғы бір жылда 41 мыңнан астам адамды ит қапқан

admin

Түркістан облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта өтті: дәстүр, технология және миллиондық қамту

admin

Пікір жазу