1 шілде – Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституцияның күшіне енген күніне орай Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Конституциялық реформалар – Әділетті Қазақстанның берік негізі» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғырулар мен конституциялық реформалардың нәтижелерін кеңінен насихаттау, сондай-ақ әділетті, заңды, жауапкершілік пен қоғамдық бірлік қағидаттарының қоғамда нақты іске асырылуын түсіндіру болды.

«Дөңгелек үстелге» университет Басқарма мүшелері, профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар, студенттер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек жүргізген жиын барысында «ӘDILET» партиясы Шымкент қалалық филиалы басшысының орынбасары Ербол Байқонысов Конституцияның мемлекет пен қоғам өміріндегі айрықша рөліне тоқталды. Ал, баяндамашылар, университет оқытушы-профессорлары Дәулетбай Бердалиев, Айнұр Нұрмаханбетова, Мәди Бесбаев , Бекайдар Тойлыбаев, Мұзафархан Темірханов, Балагүл Сағындықова, Бекмұрат Найманбаев, Нариман Нұрпейсов соңғы жылдары жүргізілген конституциялық реформалардың елдің демократиялық дамуындағы маңызы жөнінде пікір алмасты.
Баяндамашылар Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және қоғамдағы ашықтық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, реформалардың нәтижесінде халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктері кеңейіп, қоғамдық диалогтың жаңа тетіктері қалыптасып келе жатқаны айтылды.
Кездесу барысында қатысушылар Конституцияның қоғамдағы тұрақтылықты, бірлік пен келісімді нығайтудағы рөлін ерекше атап өтіп, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ әділетті қоғам құру жолында әрбір азаматтың заңға құрметпен қарап, өз жауапкершілігін сезінуі маңызды екені айтылды. Іс-шара соңында қатысушылар Конституциялық реформалардың елдің орнықты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттырудағы маңызын атап өтіп, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға бағытталған .
