Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы Олимпиадалық стандарттарға сай есу арнасында академиялық есуден ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты ресми түрде басталды.
▪️Ел біріншілігіне Қазақстанның әр өңірінен келген 6 команда құрамындағы 100-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтауда. Жарыс барысында олар 20 бағдарлама бойынша медальдар жиынтығын сарапқа салады.
▪️Салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен байдарка мен каноэде есуден және академиялық есуден мемлекеттік жаттықтырушы Дәулет Сұлтанбеков сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
▪️Аталған чемпионаттың маңызы зор. Себебі жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар Қазақстан ұлттық құрамасы сапына шақырту алып, 25-26 сәуір күндері Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия кубогынде ел намысын қорғайды.
▪️Елшілік додада Түркістан облысының намысын қорғап жатқан Владислав Яковлев, Иван Чернухин, Роза Кенес, Валентина Волкодавова сынды тәжірибелі спортшылардан жоғары нәтиже күтілуде.
▪️Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 7-10 сәуір күндері аралығында өтеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ЖІӨ өсімі – 6,3%. Олжас Бектенов экономиканың негізгі салаларында өсу қарқынын арттыра түсу керектігін және халықтың табысын арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

admin

Мемлекет басшысы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

admin

Пікір жазу