Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 500 ОҚУШЫ МҰҚАҒАЛИ ӨЛЕҢДЕРІН БІР МЕЗЕТТЕ ОҚЫДЫ

Республика күні мен Қала күні мерекелеріне орай «Түркістан Арена» стадионында «Бір қала – бір кітап – бір рух» атты мерекелік челлендж өтті.

Тағылымды шараға 500 озат оқушы қатысып, қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін бір мезетте оқыды.

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы жөніндегі үндеуін қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Ақынның 95 жылдығына орайластырылған челлендж жастардың әдебиетке қызығушылығын арттырып, өскелең ұрпақтың рухани-мәдени танымын кеңейтуді көздейді.

Іс-шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысып, жиналған қауымды Республика күні және Қала күні мерекелерімен құттықтады. Ол кітап оқудың жас ұрпақтың білімін жетілдіріп, дүниетанымын кеңейтудегі маңызына тоқталып, осындай тағылымды бастамалардың жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Бір мезетте 500 оқушының ақын өлеңдерін оқуы – әдеби мұраны ұлықтап, кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған ерекше бастама. Челлендж жас ұрпақтың қазақ әдебиетіне деген құрметін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАННЫҢ АВТОПАРКІ ЖАҢАРЫП, ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ 35 ЖАҢА АВТОБУС КІЛТІ ТАПСЫРЫЛДЫ

admin

АУДАН ӘКІМІ КОММУНАЛДЫҚ САЛАДАҒЫ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

admin

Қоршаған ортаны ластағаны үшін 10 АЕК (43 250) қайталанса 20 АЕК (86 500) айыппұл қарастырылған

admin

Пікір жазу