Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӘДЕБИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» бастамасын қолдау, жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру және қазақ әдебиетінің үздік туындыларын насихаттау мақсатында Түркістан қаласындағы Достық үйінде «Бірге оқимыз, бірге ойлаймыз!» әдеби алаңының кезекті кездесуі өтті.

Кездесуде қатысушылар Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» және Дулат Исабековтің «Гауһартас» шығармаларын талқылап, туындылардың мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы пікір алмасты.

Әдеби алаңға Қазақстанмен қатар Түркия, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан және Чувашиядан келген студент жастар да қатысты. Кездесу барысында кітап оқудың маңызы, ұлттық құндылықтар мен адамгершілік тақырыптары кеңінен қозғалды.

Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға кітаптар сыйға тартылып, мәдени бағдарлама аясында Маржан Ержанқызы «Келші, айым» әнін орындады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жұмыспен қамтуды арттыру: 2025 жылғы жетістіктер мен жоспарлар

admin

Түркістанда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтті

admin

Құқық қорғау органдары академиясына жаңа ректор тағайындалды – Нұрғалым Әбдіров

admin

Пікір жазу