Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

СОЗАҚТА АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 25 ОТБАСЫНЫҢ БАСПАНА АРМАНЫ ОРЫНДАЛДЫ

Астана күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының Созақ ауданында әлеуметтік маңызы зор игі шара ұйымдастырылды. Аудан орталығындағы Жеткіншек мөлтек ауданында 25 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болып, көптен күткен қуанышқа бөленді. Бұл – тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі.

Жаңа қонысқа ие болғандардың қатарында көпбалалы отбасылар, әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар және тұрғын үй кезегінде ұзақ жылдар тұрған тұрғындар бар. Олар үшін бұл күн – жаңа өмірдің бастауы, балалардың болашағына сенім сыйлаған айтулы сәт болды.

Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне аудан тұрғындары, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары мен қоныс иелері қатысты. Салтанатты жиында Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды құттықтап, мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар аудан көлемінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Аудан басшысы тұрғын үй мәселесін шешу – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтіп, алдағы уақытта да жаңа тұрғын үйлердің құрылысы жалғасатынын жеткізді. Оның айтуынша, баспаналы болған әрбір отбасының қуанышы – өңірдің әлеуметтік дамуының айқын көрінісі.

Іс-шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев те қоныс иелерін жаңа шаңырақтарымен құттықтап, әрбір отбасыға бақ-береке, ынтымақ пен шаттық тіледі.

Жаңа пәтер иелері мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғыстарын айтып, көптен күткен армандарының орындалғанын ерекше толқыныспен жеткізді.

Айта кетейік, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және оларды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес «Отбасы банк» АҚ-ның бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Пәтерлер тұрғындардың әлеуметтік мәртебесі, тұрғын үйге мұқтаждық деңгейі және кезектегі реті негізінде беріледі.

Созақ ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жалғасып келеді. Бұған дейін Мемлекеттік рәміздер күні мерекесі қарсаңында 29 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізген болатын. Енді тағы 25 отбасы қоныс тойын тойлап отыр. Сонымен қатар, қазіргі уақытта 22 пәтердің құжаттандыру рәсімдері жүргізілуде. Барлық заңдық жұмыстар аяқталған соң бұл тұрғын үйлер де өз иелеріне кезең-кезеңімен табысталады.

Бұдан бөлек, аудан орталығында 20 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ еншілес ұйымдарының қолдауымен жаңғырту бағдарламасы аясында 16 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйлер бой көтеріп жатыр. Бұл жұмыстар аудан тұрғындарының баспанаға деген сұранысын кезең-кезеңімен шешуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Мужская сборная Казахстана по хоккею вышла в элитный дивизион

admin

Қазақстанның FATF стандарттарына сәйкестігі артты: ЕАТ пленарлық апталығында ұлттық жүйенің прогресі оң бағаланды

admin

РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

admin

Пікір жазу