Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ШАРАДАРАДА 1988 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕР МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Шардара қаласындағы Шардара жалпы орта мектебін 2006 жылы бітірген, 1988 жылы туған азаматтар елге үлгі боларлық игі іс жасап, мұқтаж отбасыға жаңа баспана сыйға тартты. Адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісіне айналған бұл сауапты іс көпшіліктің жүрегін тебірентті.
Қайырымдылық шарасына аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қаратунов қатысып, түлектерге алғысын айтты.
«Қазақ халқы ежелден «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген. Бүгінгі жасап отырған игі істеріңіз — бір әулетке ғана емес, тұтас қоғамға үлгі. Жомарттық — байлықпен емес, жүрекпен өлшенеді. Осындай ауызбіршілігі мықты, кең пейілді азаматтар барда елдің бірлігі де, берекесі де арта береді», деді ол.
Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары жомарт жандарды аудан әкімі Арман Қарсыбаевтің атынан Алғыс хатпен марапаттап, арнайы сый-сияпат табыстады.
Көпшіліктің алғысына бөленген бұл қамқорлық шарасында іс-шара қонақтары Шардара жалпы орта мектебінің түлектеріне ризашылықтарын білдіріп, олардың бірлігі мен азаматтық ұстанымына жоғары баға берді.

Ұқсас жаңалықтар

PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

admin

Елордада «Алтын шаңырақ» республикалық этносаралық айтысы өтті

admin

Түркістан облысының аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер мен алаңдар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда.

admin

Пікір жазу