Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ҚоғамСаясат

КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН ҚЫЗМЕТ ЕТТІ

Түркістан облысында республикалық референдум аясында дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Өңірдегі учаскелік комиссия мүшелері сайлаушыларды ұлттық нақыштағы киімдермен қарсы алып, референдум учаскелерінде ерекше атмосфера қалыптастырды.

Ұлттық киім киген комиссия мүшелері тұрғындарды жылы қарсы алып, дауыс беру процесінің ұйымдасқан түрде өтуіне өз үлестерін қосты. Бұл бастама Наурыз мейрамы қарсаңындағы наурызнама онкүндігімен тұспа-тұс келген саяси маңызды шараға ұлттық реңк беріп, дәстүр мен заманауи қоғамдық үрдістердің үйлесімін көрсетті.

Учаскелерге келген азаматтар да бұл бастаманы жоғары бағалап, ұлттық киімдегі қызметкерлердің сайлаушыларды қарсы алуы мерекелік көңіл күй сыйлағанын айтты. Мұндай көрініс референдум учаскелерінде жылы әрі көтеріңкі атмосфера қалыптастыруға ықпал етті.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша барлығы 947 референдум учаскесі жұмыс істеді. Өңірде 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл облыс тұрғындарының шамамен 55,4 пайызын құрайды.

Жалпы, референдум барысында өңірдегі дауыс беру учаскелері белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істеп, азаматтардың өз таңдауын еркін жасауына барлық жағдай жасалды.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Түркістан облысының әкімін қабылдады

admin

Президент Жолдауынан кейінгі ой: Шымкенттік педагог жасанды интеллекттің білім саласына қосар үлесіне сенімді

admin

ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДА  СЕМИНАР ӨТТІ

admin

Пікір жазу